TeamClean

Кір жууға арналған ұнтақты және гельді дұрыс мөлшерлеу

Қолданатын кір жуу құралыңызды дұрыс мөлшерлеу өте маңызды.  Үнемдеген жағдайда дақтар кетпей қалуы мүмкін немесе уақыт өте келе ақ заттар сарғая бастайды, ал тым көп салып жіберсеңіз – жуу құралы сіздің киіміңізде қалып кетуі мүмкін әрі жуу құралын мөлшерден тыс қолдану  қоршаған ортаға зиян келтіреді.  Сізге көмектесу  мақсатында кір жуу құралының көлемін дұрыс мөлшерлеу нұсқауларын әзірледік.   




Машинаны әр жүктеген сайын  жуу құралын қандай көлемде қолдану қажет?  



Өкінішке орай, «көбірек салсаң, тазарақ болады» деген ереже бұл жағдайда орынсыз.  Керісінше, ұнтақты артығымен салып, көп мөлшерде қолдансаңыз ол жуылған киіміңізде қалып кетіп, сізді  машақатқа түсіреді. Құрал жеткіліксіз болса да бір қатар қиыншылықтарды тудыру мүмкін: мысалы, киім кірден толық жуылмайды,  жағымсыз иіс немесе кермектен дақтар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, кір жуу құралын дұрыс мөлшерлеген жөн. Қуанышқа орай, біздің нұсқауларымызды орындасаңыз,  оны жасау оңай!    



Кір жуу машинасына  ұнтақты қандай мөлшерде салу қажет?   

 

Жауабы үш факторға байланысты:


Жүктеу көлемі. Көп затты жуған кезде ұнтақ та көбірек қажет болатыны баршаға мәлім. Алайда, машинаны толық жүктемеген кезде де ұнтақтың көлемін дұрыс мөлшерлеу  керек. 

           ‣Ластану деңгейі


 Қатты ластанған заттар  ұнтақты да  көбірек қажет етеді.  Сіз қазір ғана тау велосипедімен балшық жерге серуендеп қайттыңыз, және джинсы шалбарыңыз қайтадан таза болуы үшін  кір жуу ұнтағын үнемдемеңіз. 

           ‣Судың кермектігі

Бұл күрделі мәселе, себебі кір жуу үшін құралдың қажетті мөлшерін анықтауға судың кермектігі де әсер етеді. Жұмсақ сумен салыстырғанда кермек суда жуған кезде ұнтақ көбірек қажет болады. Судың кермектігін сумен қамтамасыз ететін компаниядан білуге болады.  

           ‣ Мөлшерлеу ыдысын қолданыңыз!

Құралдың көлемі осы үш фактордың негізінде есептеледі. Барлық қажетті ақпарат қаптамада көрсетілген. Құралдың қажетті мөлшерін нақты білу үшін кестемен салыстырыңыз.  

Мөлшерлеу ыдысын қолданыңыз — бұл құралдың қажетті көлемін мөлшерлеудің ең ыңғайлы және қарапайым әдісі. Кейбір кезде стакандар ұнтақпен бірге сатылады, немесе оларды дүкенде сатып алуыңызға болады.    

 

Қол астында мөлшерлеу стаканы болмаған жағдайда не істеу керек?



Қол астында мөлшерлеу стаканы болмай қалатын немесе оны жеткізгенше күтіп отыруға уақыт болмайтын жағдайлар да болады. Осындай жағдайда не істеуге болады? Көз мөлшерімен салғанда қателесіп қалуыңыз әбден мүмкін және кірді қайта жууға тура келеді. Қарапайым ас қасықты пайдаланғаныңыз дұрыс.  Әрине, қасықпен мөлшерлеу стаканы тәрізді тура  мөлшерлей алмайсыз, бірақ көз мөлшерімен салғанша бұл әдіс әйтсе де жақсы!     

 

Кір жууға арналған сұйық затты қандай көлемде қолдану қажет? 



Қарапайым ас қасығын қолдану арқылы заттың қажетті көлемін оңай мөлшерлей аласыз.  Ұнтақ тәрізді, сұйық заттың қажетті көлемі жоғарыда айтылған үш факторға: жүктеу көлеміне, ластану деңгейіне және судың кермектігіне байланысты.  Көп жағдайларда, қажетті көлемді гель бөтелкесінің қақпағымен де мөлшерлей аласыз. 

 Кір жуудың мінсіз сапасы үшін   Persil Premium Гигиена және Тазалық және Persil Сolor Premium Гигиена және Тазалық гельдерін пайдалануды ұсынамыз.