TeamClean

Майлы дақтарды жою: қадам бойынша нұсқаулық

Майдың кез келген түрі көптеген  көңілсіз жағдайларды тудыруы мүмкін. Мысалы, еденде немесе киімде пайда болған майлы дақты кетіру оңай емес.  Бұл мақалада майлы дақтармен күресу кеңестерінің жиынтығын ұсынамыз.  


Жылдамдықтың мыңызы бар!



Ас бөлмесінде немесе гаражда   майдың еденге төгіліп кету  немесе киімге тиіп кету тәрізді жағымсыз ерекшеліктерін байқаймыз. Қалып кеткен дақ сіздің жаңсақтығыңыз туралы ескертіп тұрсын демесеңіз, жылдамдатыңыз!   Кілеміңізге немесе киіміңізге дақ сіңіп қалмай тұрғанда оны оңай кетіру үшін уақытыңыз әлі де бар. 

 

Киімдегі майлы дақтарды қалай кетіруге болады?



Сіздің жақсы көретін свитеріңізге немесе джинсы шалбарыңызға дақ сіңіп қалса, оны кетіру оңай болмайды – бұл дақтардың барлық түрлеріне қатысты, мысалы, шырын немесе мазут дақтары. Дақтарды сәтті кетіру үшін төменде көрсетілген нұсқауларды орындаңыз:  


          ‣ 1.Дақты өңдеңіз. Алдымен,  даққа сорғыш басып алыңыз, осылайша майдың жартысын кетіре аласыз. Мата немесе қағаз сүрткіні қолданыңыз. Газетпен абай болғаныңыз жөн, себебі,  сиясы  жұғып, жағдайды одан әрі қиындату мүмкін.  

 

         ‣ Дақ кетіру құралын қолданыңыз.  Оңтайлы екінші қадам — майлы дақтарды жоюға арналған құралды қолдана отырып, дақты суға жібітіп қою.   Қол астыңызда мұндай құрал болмаса,      Persil Premium Гигиена және Тазалық ұнтағын немесе  Persil Premium Гигиена  және Тазалық гелін қолданыңыз.

 

         ‣ Затты жуыңыз. Енді затты кір жуу машинасына салып, заттаңбада көрсетілген нұсқауларға сәйкес режимді таңдаңыз және жуыңыз. 

 

          ‣ Қажет болса, қайталаңыз.   Негізінде, дақ кетуі тиіс. Бірақ, дақтың қандай да бір іздері қалған болса, үрдісті толық қайталаңыз.  

 

Дивандағы немесе кілемдегі майлы дақтарды кетіру 



Бір нәрсені төгіп алсақ қынжыламыз. Диванды немесе кілемді кездейсоқ былғап алсаңыз, кілемдер мен қаптауға арналған материалдар үшін арнайы құралдың көмегімен дақтарды кетіріп көріңіз. Қаптамадағы нұсқауларды орындасаңыз сіздің кілеміңіз немесе диваныңыз жаңа болып шыға келеді!   

 

Машина майынан болған дақтарды  кетіру тәсілдері 



Бұл жағдайда жылдамдық – сіздің бас ниеттесіңіз, себебі,  машина майынан болатын дақтарды дер кезінде кетіру қажет.  Әуелі артық сүйықтықты жойыңыз. Дақ шамалы ғана болса, қағаз сүлгіні немесе қол орамалын пайдаланыңыз. Егер май көп мөлшерде төгілсе, тиімдірек шешім қажет болады: дақтың үстіне мысықтың дәретіне арналған толтырғышты немесе  ағаш үгінділерін  сеуіп көріңіз.  Сұйықтық сіңгенше күтіңіз, содан кейін бетін сыпырып алыңыз.   

Май көшенің қандай да бір жерінде, мысалы жолға төгілсе, оны тазалау мүлдем сіздің міндетіңіз емес.