TeamClean

Нәзік заттарды қалай жуу керек?

Нәзік деп қандай  маталарды атайтынын және оларды қалай жуатынын білесіз бе? Нәзік маталардан  жасалған  жақсы көретін  заттарыңыз  сізді ұзағынан қуанышқа бөлеу үшін барлық сұрақтарға осы мақалада егжей-тегжейлі жауап береміз. 

 

Нәзік маталар дегеніміз не? 

 

Осы терминге нақты түсінік бере алмасаңыз да, заттардың заттаңбасында «нәзік жуу» белгісін бұрын көрген  шығарсыз. Заттаңбада жуу бойынша нұсқаулықтар жиі жазылады, оның ішінде су толтырылған ваннаның да белгісі бар.  Оның астында екі көлденең сызық болса, алдыңызда нәзік матадан жасалған бұйым. Барлығы оңай!

Арнайы күтімді қажет ететін өте жұқа маталарды нәзік деп атайды. Арнайы күтім дегеніміз  ол   арнайы жуу және кептіру режімін, сондай-ақ, керемет Perwoll Жүн және Жибек арнайы кір жуу құралын таңдауды білдіреді!  Нәзік жуу режимінде, мысалы классикалық шалбарды, жибектен жасалған  ішкі киімді немесе заттарды, жүннің кейбір түрлерінен немесе нейлоннан жасалған заттарды жуу қажет. Егер материал оңай шуып қалатын болса, ол да нәзік болып саналады және арнайы күтімді қажет етеді. 

 

Нәзік маталарды қолмен жуу 

 

Кейбір нәзік маталарды кір жуу машинасында жууға болмайды, оларды тек қолмен жуған дұрыс.  Осындай матадан тігілген заттар ерекше күтімді қажет етеді, себебі, олардың машинада зақымдану тәуекелі өте жоғары. Затты қолмен жуу үшін шылапшынға жылы су толтырыңыз және нәзік заттарға арналған арнайы гельді қосыңыз. Жұмсағырақ құралдарды таңдау қажет.  Заттарды бес минутқа жібітіп қойыңыз, содан кейін дақтарды сабынды сумен абайлап жуып кетіріңіз.  Құралдың қалдықтарын толық кетіру үшін затты бірнеше рет таза суық сумен шайыңыз.

 

Нәзік заттарды кір жуу машинасында жуу 

 

Заттаңбада «тек қолмен жуу» деген белгі көрсетілмеген болса, заттарды кір жуу машинасына сала беруіңізге болады, бірақ, бәрібір олар ерекше күтімді қажет ететінін ұмытпаңыз.  Бұл жағдайда,  заттаңбадағы белгілерге назар аудару қажет.  Кір жуу машинасы суреттелген белгілердің біреуінде рұқсат етілген кір жуу температурасы көрсетілетін болады. Жалпы айтқанда, нәзік маталарды жылы, бірақ ыстық емес суда

Кір жуу машиналардың көбінде нәзік жуудың арнайы режимі қарастырылған. Бұл режимде машина суды көбірек жұмсайды, ал барабан жәй айналады. Осылайша, кір нәзік жуылады.   Сонымен қатар, нәзік маталарға зиян келтірмеу үшін  арнайы кір жуу ұнтағын немесе кір жууға арналған гельді пайдалану және жоғары айналымдағы сығу режимін қоспау маңызды. Қосымша қорғаныс ретінде заттарды кір жууға арналған қапқа салуға болады. Жалпы айтқанда, нәзік жуудың стандартты бағдарламасында барлық қажетті күйге келтірулер қарастырылған, сондықтан сіз  ешнәрсе туралы абыржымасаңыз да болады.  Жуылған заттар балғын иісін сақтап қалуы үшін  жуып болған соң  заттарды машинадан бірден шығаруға тырысыңыз.

 

Нәзік маталардан жасалған заттарды дұрыс кептіру 

 

Кейбір кептіру машиналарында нәзік матадан жасалған заттар үшін арнайы кептіру режимі бар. Сіз оны әбден қолдана аласыз, себебі, онда өте жоғары температурасыз нәзік күтім қарастырылған. Сондай-ақ, заттарды таза ауада кептіре аласыз – бұл нәзік заттар үшін ең жақсы тәсіл. Затты сықпаңыз, оны абайлап жазып, іліп кептіріңіз. Сонымен, нәзік маталар дегеніміз не екенін, оларды  жуу және қажетті күтімді қамтамасыз ету тәсілдерін білесіз. Нәзік маталардан жасалған жақсы көретін заттарыңыз ұзағынан қызмет ету үшін біздің нүсқауларымызды орындаңыз.

Жүннен, жибектен және кашемирден жасалған заттарды дұрыс жуу туралы көбірек білгіңіз келеді ме?   Онда біздің   мақаламызды оқыңыз.