Шалбардың көбісі машинада оңай жуылады, бірақ, олар оңып немесе шуып кеткенін байқасаңыз осы проблемаларды болдырмау үшін біздің нұсқауларымызды орындаңыз. Неге назар аудару қажеттігі туралы айтамыз!
Кір жуу барысында бірдеңе ойдағыдай болмауы мүмкін. Әңгіме сізде емес, мұндай өкінішті жағдай әркіммен болуы мүмкін. Дегенімен, оның алдын алуға болады. Бірнеше қарапайым ережелерді сақтасаңыз сіздің шалбарыңыз келесі жуудан ешбір зақымсыз шығады.
Машинаға бәрін, мысалы, нәзік маталардан жасалған заттарды және мақта бұйымдарын бірге салмаған жөн. Жуу барысында проблемалар туындамасын десеңіз, заттарды сорттаңыз!
Бұл заттарды оңудан, формасын жоғалтудан және басқа да проблемалардан сақтаудың басты ережесі. Заттаңбадағы ақпаратпен мұқият танысыңыз: онда ұсынылған нұсқаулар бірге жууға болатын заттар мен бірге жуылмайтын заттарды ұғып алуға көмектеседі. Сондай-ақ, киімді түсі бойынша сорттаңыз және қара заттарды ақтан бөлек жуыңыз.
Кір жуу алдында заттарды сорттап алсаңыз, ең қиыны артта қалды деп ойлауға болады. Бірақ, майда-шүйде де зиян тудыруы мүмкін. Алдын ала сорттаумен қатар маталардың әрбір түрі үшін тағы бірнеше маңызды факторлар бар.
Джинсы. Джинсы түрін бермеу және боялмау үшін жуу алдында сыртын айналдыру қажет. Сондай-ақ, заттаңбада көрсетілген нұсқауларды мұқият орындаңыз. Джинсы үшін жуудың арнайы бағдарламасын таңдау қажет болуы мүмкін. Неге? Мәселе мынада, кейбір джинсы үлгілері таза мақтадан жасалса, басқалары – созылғыш аралас матадан жасалады. Сонымен бірге, кейбір джинсы қатты боялады, сондықтан қара немесе көк түсті джинс шалбарын бөлек жуу қажет.
Мақта шалбары. Мақта шалбарын сыртына айналдырып жусаңыз, жуу нәтижесіне сенімді бола аласыз. Әдетте, бұл матадан жасалған үлгілер күрделі күтімді қажет етпейді: тиісті бағдарламаны таңдап, қажетті температураны және барабанның айналу жылдамдығын орнатсаңыз болды. Мақта шалбарын жуу аяқталған соң бірден жайған дұрыс. Оларды шамалы уақытқа барабанның ішінде қалдырсаңыз, матада қажетсіз жолақтар пайда болуы мүмкін. Шалбарды барабанда кептірмейді.
Жүн шалбар. Шалбарыңыз таза жүннен жасалған ба? Тәрізі, оны химиялық тазалауға апару керек. Бірақ, өндірушілер жүнге полиэстерді немесе басқа талшықтарды жиі қосады. Осындай аралас матадан жасалған шалбарды үйде, әрине, қолмен жууға болады. Машинаңызда жүнді жууға арналған арнайы режимі болса, ол да жақсы нәтиже бере алады. Басқа маталардан жасалған үлгілермен салыстырғанда, жүн шалбарды жуған кезде сыртына аудару қажет емес. Олар үшін барабанның жоғары айналу жылдамдығы аса қауіпті болады. Сондай-ақ, жууға арналған құралды таңдауға назар аудару керек – ол табиғи талшықтарға зақым келтірмейтін жұмсақ болуы тиіс.
Былғары шалбар. Былғары шалбардағы дақтарды және ластануларды қалай кетіруге болады? Ең тиімдісі оны химиялық тазалауға апара салу. Бірақ, қарапайым ережелерді білсеңіз оны үйде де тазалауға болады. Біріншіден, тек суық суда жуыңыз. Жылы немесе ыстық судан былғары қатайып, шалбарыңыз жарамсыз болып қалады. Былғары шалбарды абайлап қолмен жууға тура келеді. Шалбарды сабынды су мен жұмсақ губкамен абайлап сүртіп алыңыз (былғарыны тазалауға арналған арнайы сабынды қолданыңыз), содан кейін ылғалды сүрткімен сүртіңіз. Содан кейін кебу үшін шалбарды көлеңкіге жайып қойыңыз. Ең дұрысы, шалбарды сүлгіге жайып, аударып тұру керек. Бұл үрдіс ұзақ уақыт алуы мүмкін, бірақ жақсы жаңалық – былғары шалбарды жиі жуу міндетті емес, кей-кейде оны желдетіп тұрсаңыз жеткілікті болады.
Жалпы ереже: шалбарды жуу алдында барлық белдіктері байланғанына, түймелері түймеленгеніне және ілгектері ілінгеніне көз жеткізіңіз. Жуу алдында шалбарды сыртына аударсаңыз, оны оңып кетуден әрі матаның сыртқы беткейінде пайда болатын зақымдардан қорғай аласыз. Кір жуу машинасына тым көп зат салу қажет емес: еркін қозғалу үшін барабанда орын жеткілікті болған жағдайда ғана шалбар жақсы жуылады. Төмен айналымда жуған кезде жағымсыз зақымдардан құтылуға болады, бірақ мұндай жуудан кейін шалбарыңыз ұзақ кебетін болады. Қалып кеткен дақтарды байқап қалсаңыз, оларды шалбарды кептіру алдында жоюға тырысыңыз.
Кір жуудың мінсіз нәтижесі үшін Persil Premium Гигиена және Тазалық құралдарын пайдалануды ұсынамыз!