TeamClean

«Жууға тыйым салынады» белгісі

Сіз  жақсы көретін көз тартарлық декоративтік элементтермен әрлендірілген жейделеріңіз, шалбарыңыз немесе көйлейктеріңіз бар ма? Мысалы, ол жылтырақтар немесе стразалар болуы мүмкін. Немесе жұмсақ кашемир свитеріңіз  әлде жибектен немесе жұқа жүннен жасалған қысқа жеңді жейдеңіз бар шығар? Ондай болса,  күтім  жасау нұсқаулығы бар заттаңбада өндірушілер көрсететін «жууға тыйым салынады» деген белгіні көрген шығарсыз.  Бұл белгінің мағнасы көрінгендей айқын емес. Әрине, сіз жақсы көретін затыңыз ластанып қалғанда оны лақтырып жіберу қажет емес. Киіміңізге алғашқы тазалықты сыйлау үшін нәзік заттарға күтім жасау бойынша нұсқаулардың тізбесін  әзірледік.

 

 «Жууға тыйым салынады» белгісі нені білдіреді?  

 

Қандай да бір затты жууға болады ма және қалай дұрыс жуу қажет екенін заттаңбадағы жазудан білуге болады. Мысалы, гардеробтағы кейбір заттарды тек нәзік режімде, басқаларды —  қолмен ғана жууға болады.   Кейбір заттар үшін  химиялық тазалау ғана рұқсат етіледі – бұл шектеу классикалық үлгідегі шалбарға  қатысты.  

Егер затты кір жуу машинасында жууға болмайтын болса, заттаңбада «Х» екі айқасқан сызықпен сызылған кір жуу машинасының суреті көрсетілетін болады. Мұндай затты химиялық тазалауға апару қажет. Ал киіміңіз сәл ғана былғанған болса, оны щеткамен тазалап, содан кейін ауада кептіріп көріңіз. Көп жағдайларда осы да жеткілікті болады.      

Егер кір жуу машинасында жуу тыйым салынған болса, бірақ, су толтырылған ваннаға салынған қолдың суреттелген белгіні көріп тұрсаңыз, онда киімді қолмен жууға болады.  Шылапшынға киіміңізді салыңыз, қолмен жууға арналған Persil  ұнтағын шамалап  қосыңыз да сәл ғана ысқылаңыз. Кеңес! Осындай заттарды қолмен жуу режімі қарастырылған кір жуу машинасында да жууға болады.  Бірақ, бұл жағдайда, температуралық режимге ерекше назар аударғаныңыз жөн және заттаңбада көрсетілген шектеуге сәйкес суық суда ғана жуу қажет.    

Әрине, кардигандарды, свитерлерді және оларға ұқсас заттарды жалаңаш денеге киілетін футболкаларды тәрізді жиі жуу қажет емес.  

 

Керемет нәтиже

 

«Жууға тыйым салынады» белгісі бар заттар (көп жағдайда бұл декоративтік аппликациясы бар киім)өзінің көркемдігін және түрін жоғалтпас үшін оларды мүмкіндігінше күтіп жуу қажет. Тіпті  «жууға тыйым салынады» белгісі болмағанда  және заттаңбада  қолмен жуу нұсқауы көрсетілмеген жағдайда да мұндай заттарды кір жуу машинасында жуу ұсынылмайды. Ең нәзік режимде жуған кезде де машинаның барабанында пайда болатын үйкелудің салдарынан кішкентай моншақтар мен стразалар оңай үзіліп кетуі мүмкін. Сондықтан, мұндай заттарды суық немесе сәл жылы суда қолмен абайлап жуған дұрыс болады. Максималды жұмсақ ұнтақты немесе кір жуу құралын таңдау да маңызды. Жуылған затты абайлап сығып алып, кептіру кезінде киіміңіз шуып және мыжылып қалмас үшін оны тегіс беткейге салып, тегістеп жайыңыз.  

Сонда да «жууға тыйым салынады» белгісі бар нәзік заттарды кір жуу машинасында жуғыңыз келеді ме? Олай болса, киіміңізді қорғау үшін арнайы қапқа немесе жастықтың тысына салыңыз.  Тек суық суда және нәзік заттарға арналған режимде  жуыңыз. 

 

Ерекше жұмсақтық… 

 

Жібек жейделердің және жүннен  тоқылған свитерлердің жағымды жұмсақтығы ұнайды ма? Ондай болса,  «Perwoll Жүн және Жібек-пен» бірге нәзік заттарған арналған  бағдарламаны қолдана отырып, осы заттарға тиісті күтімді сыйлаңыз. Шынында,  қолмен қарапайым жуумен салыстырғанда заманауи кір жуу машиналарында қарастырылған қолмен жуу бағдарламасының ешбір кемшілігі  жоқ.