TeamClean

Құпиялылық саясаты

1. Жалпы ережелер

«Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС (бұдан әрі –«Хенкель») және оның үлестес тұлғалары осы сайтқа кірген кез келген тұлғаның құпия ақпаратына құрметпен қарайды. Біз Сізге қандай деректерді жинайтынымыз және жиналған деректерді қалай пайдаланатынымыз туралы хабарлағымыз келеді.

Сондай-ақ, сіз жиналған ақпараттың дәлдігін қалай тексеруге және бізге осындай ақпаратты жою туралы нұсқау беруге болатындығын білетін боласыз. Деректер жеке деректерді қорғауға жауапты «Хенкель» компаниясының тиісті үлестес тұлғасы орналасқан мемлекеттің қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қатаң түрде жиналады, өңделеді және пайдаланылады. Біз қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Осы сайтта жиналатын дербес деректермен барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Бұл өтініш «Хенкель» компаниясының сайтында гиперсілтемелер бар сайттарға қолданылмайды.

2. Дербес деректерді жинау, пайдалану және өңдеу

Біз ақпаратты өңдеу және пайдалану мақсатында ғана белгілі бір тұлғаларға қатысты ақпаратты жинауды жүзеге асырамыз, бұл ретте нақты міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті деректерді жинау жүзеге асырылады және Сіз ақпаратты ерікті түрде берген немесе оны пайдалануға өз келісіміңізді анық білдірген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сіз біздің сайтқа кірген кезде белгілі бір деректер жүйелік әкімшілендіру мақсаттары үшін немесе статистикалық немесе резервтік мақсаттар үшін «Хенкель» компаниясының және/немесе оның үлестес тұлғаларының серверлеріне автоматты түрде жазылады. Жазылатын ақпарат Сіздің интернет-провайдеріңіздің атауын, кейбір жағдайларда сіздің IP-мекенжайыңызды, сіздің браузеріңіздің бағдарламалық қамтылымының нұсқасы туралы деректерді, біздің сайтқа кірген компьютердің операциялық жүйесі туралы деректерді, сілтеме бойынша кіргеннен кейін біздің сайтқа кірген сайттардың мекенжайларын, сізді біздің сайтқа алып келген, сіз орнатқан іздеу параметрлерін қамтиды.

Жағдайларға байланысты мұндай ақпарат біздің сайтқа қандай аудитория кіретіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл тұрғыда ешқандай жеке деректер пайдаланылмайды. Тек анонимді ақпарат пайдаланылуы мүмкін. Егер ақпаратты «Хенкель» компаниясы және/немесе оның үлестес тұлғалары сыртқы провайдерге беретін болса, деректерді  қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес беруге кепілдік беретін барлық ықтимал техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылданады.

Егер Сіз бізге дербес ақпаратты өз еркіңізбен беретін болсаңыз, біз мұндай ақпаратты қолданыстағы заңнама талаптарының шеңберінен шығатын тәсілмен пайдаланбауға, өңдемеуге және бермеуге міндеттенеміз. Сіздің жеке деректеріңізді Сіздің келісіміңізсіз пайдалану және тарату тек сот шешімі негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәртіппен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Құпиялылықты сақтау жөніндегі ережелерге енгізілетін кез келген өзгерістер осы бетте жарияланады. Бұл Сізге кез-келген уақытта бізде қандай деректер сақталатыны және осындай деректерді қалай жинайтынымыз және сақтайтынымыз туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

3. Деректер қауіпсіздігі

«Хенкель» компаниясы және оның үлестес тұлғалары Сіздің дербес деректеріңізді ұқыпты сақтауға және Сіздің дербес деректеріңізді жоғалудан, дұрыс пайдаланбаудан немесе дербес деректерге өзгерістер енгізуден қорғау үшін барлық сақтық шараларын қабылдауға міндеттенеді. «Хенкель» компаниясының және оның үлестес тұлғаларының атынан Сізге қызмет көрсету үшін оларға қажет Сіздің деректеріңізге қол жеткізе алатын «Хенкель» компаниясының және оның үлестес тұлғаларының серіктестері «Хенкель» компаниясының және оның үлестес тұлғаларының алдында келісім-шарттарда бекітілген осы ақпараттың құпиялылығын сақтау міндеттемелерін алады және қандай да өзге мақсаттар үшін ұсынылатын деректерді пайдалануға құқығы жоқ.

4. Кәмелетке толмаған пайдаланушылардың дербес деректері

«Хенкель» компаниясы және оның үлестес тұлғалары 14 жасқа толмаған пайдаланушыларға қатысты ақпарат жинамайды. Егер баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері балалардың «Хенкель» компаниясы мен оның үлестес тұлғалары үшін қандай да бір ақпаратты қолжетімді еткенін анықтаса және бала ұсынған деректер жойылуы тиіс деп есептесе, мұндай ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер төменде көрсетілген мекенжай бойынша бізбен хабарласуы қажет. Бұл жағдайда біз жеке ақпаратты дереу жоямыз.

5. Интернет желісінде қадағалау

Бұл сайт маркетинг және оңтайландыру мақсаттары үшін деректерді жинайды және сақтайды.

Сіз кез-келген уақытта деректерді жинауға және сақтауға келісіміңізді қайтарып алуға құқылысыз, бірақ бұл кері байланыс «кері күшке» ие болмайды. Бұл үшін сізге осы жерден жүктеуге болатын тиісті Google қосымшасын орнату керек.

Сіздің браузеріңізде орнатылған бұл қосымша JavaScript (ga.js) кодына Google Analytics бөліміне сайтқа кіру туралы ешқандай ақпарат бермеу командасын береді.

Балама ретінде, сондай-ақ мобильді құрылғыларға қатысты Сіз осы сілтемені осы сайтта деректерді одан әрі тіркеуден бас тарту үшін пайдалана аласыз (бұл опция тек ағымдағы браузер үшін ғана және тек осы домен үшін ғана қолданылады). Бұл әдіс кезінде өшіру опциясы Сіздің гаджетіңізде сақталады. Егер Сіз браузеріңізді ‘cookies’ файлдарынан тазаласаңыз, онда сілтемені тағы бір рет пайдалануыңыз қажет.

Интернет желісінде қадағалау туралы толығырақ ақпарат алу үшін деректерді қорғау саласында Сізге Google саясатымен танысуға кеңес береміз.

6. Технология DoubleClick – это сервис, предоставляемый компанией Google Inc.

(1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043). Осы мақсатта ешқандай дербес деректері жоқ cookies файлдары пайдаланылады. Сіздің IP мекенжайыңыз осындай файлдарды жасау үшін қолданылады. DoubleClick сервисі пайдаланатын сookies сіздің браузеріңізге автоматты түрде генерацияланған сәйкестендіру нөмірлерін береді және пайда болған жарнаманы қадағалайды. Бұл Google-ге және серіктестік сайттарға Henkel компаниясының сайттарына және басқа сайттарға кіруіңіздің негізінде жарнамаларды көрсетуге мүмкіндік береді.  Google DoubleClick сервисінің көмегімен жиналған ақпаратты өзіне серверге жібереді және сол жерде сақтайды. Бұл деректер үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған немесе деректерді өңдеуге келісім берген жағдайларда ғана беріледі. Henkel сайтына өту арқылы сіз жоғарыда сипатталған қызметті пайдалануға және Google компаниясының деректерді өңдеуіне келісім бересіз. Cookies файлдарын жіберуді сіз браузеріңіздің баптауларынан бұғаттай аласыз. Егер сіз әдетте Cookies файлдарын бұғаттамасаңыз, бірақ бұл жағдайда DoubleClick технологиясын қолданғыңыз келмесе, сілтеме бойынша өтіңіз, GoogleInc компаниясының DoubleClick қызметін өшіретін плагинді жүктеңіз және орнатыңыз.

7. Сіздің тілектеріңіз бен сұрақтарыңыз

Сақталатын деректерді «Хенкель» компаниясы және/немесе оның үлестес тұлғалары заңнамада немесе шартта белгіленген сақтау кезеңі өткеннен кейін не «Хенкель» компаниясының өзі және/немесе оның үлестес тұлғалары қандай да бір деректердің сақталуын жойған жағдайда өшіреді. Сіз кез келген уақытта «Хенкель» компаниясының және/немесе оның үлестес тұлғаларының деректер базасынан Сіз туралы ақпаратты алып тастауды талап етуге құқылысыз. Сіз сондай-ақ кез келген уақытта Сіздің дербес деректеріңізді пайдалануға немесе қайта өңдеуге келісіміңізді кері қайтарып алуға құқылысыз. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ егер Сіздің өзіңіздің жеке деректеріңізге байланысты қандай да бір басқа тілектеріңіз болса, Қазақстан Республикасындағы «Хенкель» үлестес тұлғасының Корпоративтік коммуникациялар бөлімінің – «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-нің мекенжайына хат жіберуіңізді сұраймыз: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Масанчи к-сі, 78. Егер біздің Сіз туралы деректерді жинайтынымызды және егер солай болса, қандай деректерді жинайтынымызды білгіңіз келсе, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Біз Сіздің тілектеріңізді дереу орындауға тырысамыз.