Құқықтық ережелер
Тиісті құқықтық құрылымның тұрақты техникалық жетілдірілуі мен өзгеруіне байланысты төменде келтірілген пайдалану шарттарын өзгерту және/немесе толықтыру қажеттілігі мерзімді түрде туындайды. Сондықтан біз пайдаланушылардан сайтқа әр рет кірудің алдында пайдалану шарттарын қарап шығуды және ықтимал өзгерістерді және/немесе толықтыруларды назарға алуды сұраймыз.
Кіріспе
Бұл сайтты («Сайт») «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС («Хенкель компаниясы») Алматы қ., Алмалы ауданы, Масанчи көш., 78, 050012.
Сайтты пайдалана отырып, оған кіруші Сайтты пайдаланудың келесі шарттарымен қандай да бір шектеулерсіз немесе алып тастауларсыз келіседі.
Сайтты пайдаланудың жалпы ережелері
1. Авторлық құқық
Бұл Сайттың мазмұны авторлық құқықпен қорғалған. Атап айтқанда, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды немесе қайта өңдеуді қоса алғанда, осы сайттың мазмұнын үшінші тұлғалардың бөгде ресурстарда кез келген қайта жаңғыртуы, бейімдеуі, аударуы, орналастыруы және қайта өңдеуі авторлық құқықпен қорғалған. Мұндай ақпаратты толығымен немесе ішінара кез келген пайдалануға тек Хенкель компаниясының алдын ала жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Ақпаратты немесе деректерді кез келген түрде жаңғыртуға, атап айтқанда, мәтіндерді немесе мәтіндердің фрагменттерін немесе графикалық материалдарды (баспасөзде орналастырылған Хенкель компаниясына тиесілі фотосуреттерді қоспағанда) пайдалануға Хенкель компаниясының алдын ала жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Тарату және жаңғырту құқығы Хенкель компаниясына тиесілі.
Хенкель компаниясы Сайтта орналастырған фотосуреттерді тек редакциялық мақсаттарда пайдалануға болады.Қайта жаңғыртылатын және/немесе электрондық нұсқасына редакциялық мақсатта өзгерістер енгізілетін фотосуреттерде авторлық құқық белгіленуі болуы тиіс » © [жыл] «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған». Қайта басып шығару тегін, алайда Henkel компаниясына қайта басылып шығарылған материалдың көшірмесін жіберу керек.
2. Тауарлық белгілер
Хенкель компаниясының логотипі және барлық өнім атаулары және/немесе өнім дизайны тіркелген сауда белгілері немесе Хенкель компаниясының, оның еншілес және үлестес тұлғаларының, лицензиарлардың зияткерлік меншік объектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Хенкель компаниясының немесе оған осындай келісім беруге уәкілеттік берілген үшінші тұлғалардың келісімінсіз осы материалдарды кез келген өзге де ресми немесе бейресми пайдалануға тыйым салынады және тауар таңбалары туралы заңнаманы, авторлық құқықты, өзге де зияткерлік меншік құқықтарын немесе жосықсыз бәсекелестік туралы заңнаманы бұзуды білдіреді.
3. Үшінші тұлғалар сайттарының мазмұнымен байланыстан бас тарту
a. Осы сайттың беттерінде үшінші тұлғалар қолдау көрсететін және мазмұны Хенкель компаниясына белгісіз сілтемелер (яғни «гиперсілтемелер») бар. Хенкель компаниясы осындай сайттарға кіруге ғана ықпал етеді және олардың мазмұны үшін жауап бермейді. Біздің үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелеріміз сіз үшін осындай сайттарды шолуды жеңілдету үшін ғана арналған. Біздің Сайт сілтеме жасайтын беттердегі мәлімдемелер біздің мәлімдемелеріміз емес. Біз сілтемесі біздің сайтта берілген үшінші тұлғалардың кез келген сайттарының кез келген мазмұнымен байланыстан бас тартамыз. Атап айтқанда, біз осындай сайттардың беттерінде орын алған қолданыстағы заңнама нормаларын немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын кез келген бұзушылықтар үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алмаймыз.
b. Хенкель компаниясының Сайтынан кіруге болатын сайттарға қатысты, осы сайттардың иелері осы сайттардың мазмұны үшін, сондай-ақ осы сайттарда ұсынылған тауарларды сату және осындай сайттардың көмегімен интернет арқылы алынған кез-келген тапсырыстарды өңдеу және орындау үшін толық жауап береді.
c. Хенкель компаниясы авторлық құқықты, тауарлық белгілерге немесе басқа зияткерлік меншікке құқықтарды, сайтта орын алған жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін ешқандай жауапкершілік алмайды, оның сілтемесі Хенкель компаниясының сайтында бар.
d. Бұл бас тарту Сайтта көрсетілетін барлық сілтемелер үшін және пайдаланушы осындай сілтемелер арқылы жіберілген веб-сайттардың мазмұны үшін жарамды болып табылады.
4. Жауапкершіліктен жалпы бас тарту
Осы Сайтты пайдаланудың нәтижесінде пайда болған кез – келген жауапкершілік – заңды негізге қарамастан, деликтті қоса алғанда – нақты шығынмен шектеледі.
Бұл ережелер өнімнің сапасыздығы үшін жауапкершілік туралы заңнама нормаларына сәйкес Хенкель компаниясының жауапкершілігін немесе Хенкель компаниясы берген кепілдіктерден туындайтын жауапкершілікті қозғамайды. Жоғарыда аталған жауапкершілік шектеулері адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда да қолданылмайды.
Хенкель компаниясы сайтты вирустардан қорғау үшін айтарлықтай күш салуда, бірақ біз олардың толық болмауына кепілдік бере алмаймыз. Осыған байланысты біз пайдаланушыларға Хенкель компаниясының сайтынан құжаттар мен деректерді жүктемес бұрын өз компьютерлерін вирустардан қорғау (вирус-сканерлерді пайдалану) бойынша өз бетінше шаралар қолдануға кеңес береміз.
Хенкель компаниясы сайттың жеке опцияларының жұмысында қателер немесе жаңылыстардың болмауына кепілдік бермейді, сонымен қатар осы опциялардың қол жетімділігіне жауап бермейді.
5. Ұзақ мерзімді сипаттағы мәлімдемелер және ниеттер туралы мәлімдемелер
Хенкель компаниясының миссиясы мен мақсаттарына қатысты және ұзақ мерзімді сипатқа ие сайтта орналастырылған мәлімдемелер бізде бар соңғы ақпараттың және жасалған мәлімдемелердің дұрыстығына деген сенімнің негізінде берілген. Алайда, Хенкель компанияларының іс жүзінде қол жеткізген нәтижелері ұзақ мерзімді мәлімдемелерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін, өйткені нәтижелер бірқатар жағдайларда Хенкель компаниясының бақылауынан тыс болатын бәсекелестік және макроэкономикалық сипаттағы бірқатар факторларға байланысты. Хенкель компаниясы сайттың беттерінде орналастырылған ұзақ мерзімді мәлімдемелерін үнемі түзетуге ниетті емес.
6. Хенкель компаниясының өнімдері
Осы сайттың беттерінде жарияланған өнімдер Хенкель компаниясының құрамына кіретін және әлемнің әртүрлі елдерінде орналасқан компаниялар шығаратын өнімдердің үлгісі болып табылады. Хенкель компаниясы нақты өнімнің сіздің елдің тұтынушылары үшін қол жетімді екендігіне кепілдік бермейді.
7. Басқа ережелер
Пайдаланудың келтірілген жалпы шарттары БҰҰ-ның тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы конвенциясын назарға алмастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес регламенттеледі және түсіндіріледі, сол арқылы осы конвенцияны пайдаланудың келтірілген жалпы шарттарына қатысты қолдану бірмәнді алып тасталады. Осы Сайтқа қатысты дауларды шешетін сот орны, мүмкіндігінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы болып табылады. Егер осы жалпы шарттардың қандай да бір ережесі жарамсыз болса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына әсер етпеуі керек.