Дербес деректерді өңдеуге келісім
«Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-нің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатына сәйкес пайдаланушы сайтта тіркеле отырып «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-нің, одан әрі «Тапсырыс берушінің» (БСН 060940000796, 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Масанчи к-сі, 78) оның дербес деректерін өңдеуіне келісімін растайды.
Мақсат:
тапсырыс беруші өнімінің тұтынушылары туралы, атап айтқанда оның сапасы туралы ақпарат жинау;
тапсырыс берушінің өнімі туралы ақпаратты тарату;
қатысушыларды Тапсырыс берушінің өнімдері туралы, сондай-ақ Тапсырыс беруші өткізетін және (немесе) ұйымдастыратын іс-шаралар туралы хабардар ету;
ақпараттық-жарнамалық сипаттағы кез келген басқа хабарламаларды жіберу;
маркетингтік талдау жүргізу және статистикалық ақпаратты дайындау мақсатында.
Тұтынушы «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-не, оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаларды қоса алғанда келесі дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, беруді (ұсыну, қолжетімділік), трансшекаралық беруді қоса алғанда өңдеуді жүзеге асыруға келісім береді:
● Аты
● Тегі
● Электрондық пошта (мекенжайы)
● Ұялы телефон
«Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-нің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатына сәйкес Клиенттің келісімі «Henkel Central Asia & Caucasus» («Хенкель Сентрал Эйша энд Коукасас») ЖШС-нің мекенжайына Клиенттің жазбаша өтінішін жіберу арқылы кері қайтарылған күнге дейін әрекет етеді.